Текст
2019 жылдың 4 маусымы біздің мектепте Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған салтанатты саптүзеу өтті. Мақсаты: мемлекеттік рәміздерді, олардың мәні мен маңызын насихаттау; патриотизм және азаматтықты тәрбиелеу. Саптүзеуде мемлекеттік гимн ойнады. Мектеп директорының ТІ бойынша орынбасары Н.Г. Мицель өз сөзінде, мемлекеттік рәміздер- ең алдымен, біздің тарихымыз, оны біздің ата-бабамыз қалай қорғаса біз де оны соншалықты құрметтеуіміз керек. Мемлекеттік рәміздер күнінің тәрбиелік мәні өте зор. Оның көмегімен біз тарихымыз бен дәстүрлерімізді байланыстырамыз, Отанымызға деген сүйіспеншілігімізді арттырамыз, патриоттық сезімдерімізді нығайтамыз, - деді.