2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету туралы есепті жария талқылау
«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Ұлан ауылының негізг орта мектебі» КММ
1. Жалпы ережелер
1)Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Ұлан ауылының негізгі орта мектебі» КММ. Заңды мекен-жайы: Ұлан ауылы, Кенесары Қасымұлы көшесі,18.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
«Ұлан ауылының негізгі орта мектебі» КММ-де 14 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2025 жылы «Ұлан ауылының негізгі орта мектебі» КММ-де год КГУ 33 қызмет көрсетілді;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 0 қызмет;
Электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтер -25 қызмет;
Қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер- 8 қызмет.
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Мектепке дейінгі жастағы балаларды (6 жасқа дейін) мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін кезекке қою»;
«Балаларды бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Қызмет алушыларға қажетті барлық ақпарат ресми ғаламтор-ресурста орналастырылған http://sc0015sandyktau-aqmo.edu.kz/ «Ұлан ауылының негізгі орта мектебі» КММ сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен қағидалары жарияланған. Сонымен қатар мектептегі ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет-порталында жүзеге асырылады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.
2025 жылы «Ұлан ауылының негізгі орта мектебі» КММ тікелей эфир өткізді. Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары және қызмет көрсетушілердің ғаламтор-ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру бойынша қызмет.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді.
Сондай-ақ 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесі – ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметті 1 қызметкер көрсетеді, ол қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында заңбұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қызмет алушылардың қанағаттанушылығын көтеру перспективалары.
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 2026 жылға ҚР заңнамасының сақталуын бақылау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
2026 жылы білім бөлімі және оған қарасты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді әрі сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады.