"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Ұлан аулының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Улан отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Социальные сети.

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының білім басқармасы Сандықтау ауданының білім бөлімінің “Ұлан ауылының негізгі орта мектебі” КММ келесі мемлекеттік қызметті көрсетеді «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттар қабылдау және балаларды қабылдау».

29.04.2025

Ақмола облысының білім басқармасы Сандықтау ауданының білім бөлімінің “Ұлан ауылының негізгі орта мектебі” КММ келесі мемлекеттік қызметті көрсетеді
«Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттар қабылдау және балаларды қабылдау».
«Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттар қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметі көрсетілушінің кеңесі арқылы немесе “электрондық үкімет” веб-порталы арқылы электрондық немесе қағаз түрінде жүзеге асырылады.
Бала ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды мынадай тізбеде ұсынады:
1) жолдама (берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жарамды);
2) ата-аналардың немесе заңды өкілдердің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) баланың туу туралы куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін);
4) 026/у-3 үлгісіндегі «Баланың денсаулық паспорты» (Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқаулығына сәйкес);
5) баланың денсаулығы туралы анықтама;
6) Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін).
Портал арқылы жүгінген кезде:
1) мектепке дейінгі ұйымға жолдама (берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жарамды);
2) 026/у-3 үлгісіндегі «Баланың денсаулық паспортының» электрондық көшірмесі;
3) баланың денсаулығы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
4) Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысының сканерленген көшірмесі (бар болса).

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
Мектепке дейінгі ұйым мен баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің арасында жасалған шарт негізінде баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап беру.

Просмотров: 182


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст