Текст
19.10.2026
Мектебімізде Республика күніне орай сынып сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының тарихы, тәуелсіздіктің маңызы, мемлекеттік рәміздер және еліміздің жетістіктері туралы мағлұмат алды. Оқушылар Отанға деген сүйіспеншілік, елжандылық пен туған жерге құрмет туралы ой бөлісті.
Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және Қазақстанның болашағына деген жауапкершілікті арттыру.