"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Ұлан аулының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Улан отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Социальные сети.

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ана тілім – арым бұл!

20.09.2017

Адам баласы дүниеге келген сәттен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды табиғат құбылыстарын ана тілі арқылы қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, рухани байлықтарын адам ана сүтімен бойына енген туған тіл

арқылы игеріп, игілігіне жаратады.

   Ана тілі арқылы адамдар бір-бірімен сөйлесіп ойын жеткізеді, білім алады, өз ортасында тәрбиеленеді. Тілі арқылы халқымыздың өрісін көрсететін әдеби, мәдени туындылар жасалады. Ана тілі – халқымыздың өмір сүріп қоғамды жан-жақты дамытып отыруының әрі көрінісі ,әрі кепілі. Ана тілінде тәлім тәрбие ала алмаған халықтың келешегі жоқ.

    Өз ана тілін білмеген, қадірлемеген адам өзін дүниеге әкелген, мәпелеп өсірген анасын да, Отанын да сүйе алмайды.

Ана тілінде тараған халық мұраларынан ғибрат аласың, өміріңе өнеге өтесің, одан жақсы жаманды танып, әсерленесің.

   Абайдың даналығын, Махамбеттің батылдығын, Абылайдың данышпандылығын, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктерін түсініп, рухани өміріне азық етесің.

    Ана тілінің күші мен құдыретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап сөз өнерін бар өнердің басы деп санады.

Ата- бабаларымызөзінің асыл мұрасы тіл өнерін келер ұрпағына жеткізіп оны аялап, қастерлеуді тапсырып отырған.

     Туған ана тілінің қадірін біліп, ардақтайық достар!

 

Просмотров: 617


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст