2019 жылдың 30 желтоқсанында 1-8 сынып оқушылары мен шағын орталық балалары үшін көптен күткен Жаңа жылдық мереке өтті. Балалар үшін жаңа жыл-бұл ертегілер мен ғажайыптар кезеңі. Балалар мерекеде көптен күткен Аяз ата мен Ақшақарды үлкен қуанышпен қарсы алды, тек көрермендер ғана емес, сонымен қатар мереке қатысушылары да болды: көркемөнерпаздар нөмірлерін ұсынды, байқауларға қатысты, ән шырқады, шыршаның айналасында хоровод жүргізді, көңіл көтерді. Іс-шара барысында ата-аналар балалардың шынайы күлкісі мен бақытты көздерін көрді.
Жаңа жылдық мереке – алдағы жылы тек жақсылыққа деген үмітпен, барлық тілектердің орындалуын күтумен байланысты керемет мереке. Көрермендер залы театрға айналды, оның сахнасында нағыз қойылым көрсетілді. Ән мен би бір-бірін алмастырды. Әжептеуір уақыт бір минуттай өте шықты.
Мінеки, осылай біздің мектеп жаңа жылды тойлады, көңілді әрі тату болып. Алда жаңа жылдық демалыс және ең ғажайып күндер!