"Этникааралық қатынастардың қалыптасуындағы Әл-Фараби мен Абай Құнанбаевтың рөлі" атты дөңгелек үстел»
Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Ұлан негізгі мектебінде "этникааралық қатынастардың қалыптасуындағы Әл-Фараби мен Абай Құнанбаевтың рөлі"тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: ұлы қайраткерлердің көп қырлы қызметі мен өмірімен танысу. Дөңгелек үстелде 5-8 сынып оқушылары: Темербаева Мира, КусаиноваАйдана, Шалдунова Яна, Дубинич Вадим баяндама жасады. Дөңгелек үстел барысында кітап көрмесі, бейнематериалдар көрсетілді. Онда Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмір жолы мен ғылымға қосқан үлесі, Абай Құнанбаевтың шығармалары туралы мәліметтер жинақталған. Іс-шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар әл-Фараби мен Абай Құнанбаевтың этносаралық қарым-қатынастардағы рөлі туралы өз пікірлерін білдірді.