Текст
30 сәуір күні «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Балалар мерекенің мақсатын біліп, оның елімізде жүзеге асырылу ерекшеліктерімен танысты. Балалар Қазақстан халықтарының әртүрлі ұлт өкілдері туралы жұмбақтарды тауып, достық туралы мақал-мәтелдер құрастырды. Сынып сағаттың соңында оқушылар халқымызға, елімізге тыныштық, береке-бірлік болсын деген ізгі тілектерін жазды.