"Ұлан негізгі мектебі" КММ мұғалімдері үшін биылғы оқу жылының күзгі демалыстары сапардың арқасында "Сарыағаш" санаторийінде ерекше өтті.
Осы жылы кәсіподақ ұйымының төрағасы Аубаеваға М.М. 50% жеңілдікпен саноторияға жолдамалар ұсынылды. Мектеп мұғалімдері Жаилганова Г.А. мен Молдахметова А. С. осы мүмкіндікті пайдаланып, бар болғаны 45.000 теңгеге жолдама алды.
Жиналған мұғалімдер жолға шықты. Әріптестерінің айтуынша, саяхат ұзақ уақыт есте қалады. Барлық уақыт бойы профилактикалық процедуралар жүргізілді, косметолог, массажист, тіс дәрігерінің кабинеттеріне барды. Тарихи орындар бойынша Түркістан қаласына экскурсияға қуана-қуана аттандық.
Шипажайдан оралғаннан кейін мектептің барлық әріптестерімен өздерінің жағымды көңіл-күйлері мен жарқын эмоцияларымен бөлісті. Мұғалімдер аудандық бастауыш кәсіподақ ұйымына "Сарыағаш"шипажайына баруға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреді.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы
"Ұлан негізгі мектебі" КММ: Чобанова С. О.