Текст
Тың игеру Қазақстанда өндірісті дамыту үшін қуатты ынталандыру болды және Қазақстанды әлемдегі ең ірі астық өндірушілердің біріне айналдырды. Ерліктің қалай орындалғаны,қандай қиындықтарды жеңгені,алғашқы тың игерушілердің істері қалай жалғасып жатқаны туралы балалар "ұрпақтар байланысы үзілмейді "іс-шарасы барысында білді.Қонағымыз, алғашқы тың игеруші Сагалов Анатолий Алексеевич жастардың еліміздің түкпір-түкпірінен еркін қазақ даласына қалай келгені туралы өз естеліктерімен бөлісті.Олардың еңбек ерлігі адамдардың жадында ұзақ сақталады.