"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Ұлан аулының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Улан отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Социальные сети.

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ

17.04.2017

Ашық

сабақ «Спорт түрлері» 7-сынып

Зекенова Амина Муратбековна

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

«Ұлан негізгі мектебі»ММ

Сабақтың мақсаты: Спорт түрлері туралы

түсініктерін молайту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:Спорт түрлері

тақырыбының мәнін ұғындырып, оқушының білім алуға деген ынтасын

арттыру;Түсініксіз сөздердің мән, мағынасын, аудармасын түсіндіру;

Оқушыларға спорт түрлері туралы

таныстыру, спорт туралы сөздерді сөздік қорына енгізу, спорт туралы сөз

тіркестерін, сұрақ-жауапты дұрыс құрастыра білуге үйрету. Өзара диалог және

әңгіме құрастыра білу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық:Оқушылардың сөздік

қорын, сөйлеу тілін, логикалық ойлауын, қиялын, шығармашылық қабілеттерін

дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларға спорт

түрлерінің қажет екенін түсіндіру. Оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу.

Сабақта қолданылатын

әдіс-тәсілдер:кестелер, слайд, интерактивті тақта.

Түсіндіру, сұрақ-жауап, өздігінен жұмыс,

топпен жұмыс,

Түрі: аралас, жаңа білімді игеру сабағы.

Пәнаралық байланыс: спорт, дене

тәрбиесі, тарих,тіл.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру.Сәлемдесу.Сабаққа

даярлығын тексеріп, орындарына отырғызу. 2 мин.

 

ІІ. 1-слайд. Спорт туралы бейнеролик. 2

мин

2- слайд тақырыпты ашу (жасырын

сөз ретінде)1 мин

Спорт өмірді ұзартады,«Еңбек ширатады.»

дейді халық даналығы. Ендеше бүгінгі сабағымызда спорт түрлері, спорттың адам

өміріндегі алатын орны, ұлттық спорт туралы сөйлесеміз.

 

Оқушылардың қызығушылығын арттыру

мақсатында « Ыстық лебіз»ойыны өткізіледі, оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді

. Сыныпты 2 топқа бөлу үшін балалар сурет таңдайды. І топ: «Баскетбол», ІІ -топ

"Футбол". Бағалау парақтарын тарату. 1 мин

«Кластер» құру2 мин

- Балалар, спорттың қандай

түрлерін білесіңдер? Оқушылар атайды, мұғалім көрнекіліктерді тақтаға іледі.

Аталмай қалған суреттерді көрсетіп, оқушылар атайды.

 

ІІІ. 3- слайд 3 мин

Сөздік

Салауатты өмір – ЗОЖ

Күнделікті қолданыста – в повседневной

жизни

Жетістіктерге жетеді – добиваться

успехов

тәрбие береді- дает воспитание

 

ІҮ. 4- слайд аудиозапись 5 мин

Мәтін. Спорт түрлері.

Спорт денсаулықты жақсартады. Спорт

бүгінде елімізде жақсы дамып келеді.Спорттың қай түрін алып қарасақ та, барлығы

да денсаулыққа пайдалы.

Спорттың күнделікті қолданыстағы мынадай

түрлерін атай аламыз: коньки, шаңғы тебу,

күрес,футбол,волейбол,баскетбол,бокс,еркін күрес,жеңіл атлетика,ауыр

атлетика,тейквондо,дзюдо,велоспорт,жүзу,т.б.

Ал,

енді балалар футбол ойының ойнаймыз ба? Онда мынау сұрақтарға жауап беру арқылы

гол салайық.

Ү.Сұрақтарға

жауап беру.

·Спорттың

денсаулыққа пайдасы қандай?

·Спорттың қандай түрлері бар?

ҮІ. 5- слайд Сендер қазақ халқының ұлттық

ойындарын білесіңдер ме? (слайд көрсету) 3 мин

Ұлттық ойындардың көптеген түрлері бар.

Солардың бірі:көкпар, бәйге, күрес, теңге алу, қыз

қуу, тоғызқұмалақ, жамбы ату. Ұлттық ойындардың барлығы үлкен тәрбие

береді. Олар ерлікті, тапқырлықты қажет етеді.

Егер адам осы спорт түрлерінін бірімен

айналысса,өмірде маңызды жетістіктерге жетеді.

Дәптермен жұмыс. Ұлттық спорт

түрлерін дәптерлеріне жазғызу. 2 мин

 

ҮІІ.Карточкамен жұмыс 5 мин

Төменде берілген сөздерді пайдаланып

тіркесті сөздер құра. Мысалы : баскетбол жарысы.

Баскетбол

Күрес

Шахмат

Хоккей

Футбол

Тоғызқұмалақ

ойыны

добы

торы

алаңы

жарысы

қызықты

 

ҮІІІ. Ал қазір мен сендерді ортаға

шақырамын. «Арқан тарту» 6 мин

Үнтаспадан Ерболат Құдайбергеновтың әні

«Ау, жігіттер, жігіттер!

Оқушылар екіге бөлініп, сөздерді

аударады.Мен сөз айтамын, сендер аударып өзіне тартасыңдар. Түсінікті

ме?Бастайық.

 

Өнер-искусство, би-танец, күрес-борьба,

мықты-крепкий, күшті-сильный,

ойын-игра, жарыс-соревнования,

бәйге-конные скачки, дойбы-шашки, шаңғы-лыжи.

 

ІХ. Рефлексия. Диалогтық оқыту әдісі. Бір

оқушы оқып , келесі оқушы жауап береді. 3 мин

1. Саған спорт ұнай ма?

2. Спорттың қай түрімен шұғылданасың?

3 Қандай жазғы спорт түрлерін білесің?

4. Қандай қысқы спорт түрлерін білесің?

 

Өтілген тақырыпты тұжырымдап ,

қорытындыға келу.

Х. Қорытынды. Әр топ өз түсінгенін айтады.

Тұжырым : Не түсіндіңдер? Өз ойың.4 мин

1.Менің ойымша,спорт адам денсаулығына

пайдасы өте зор. Салауатты өмір салтын сақтаған, шыныққан адам барлық жағдайға

төзімді болады.

2.Менің ойымша, спорт адамға сабақты

жақсы меңгеруге үлкен жол ашады.

3.Менің ойымша, спортпен айналысқан адам

жаман әдеттерден аулақ болып, жақсы қасиеттерді бойына жинады.

 

Х. Үй тапсырмасы 1 мин.

Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құра.

1. Мектепте, спорттық, біздің, жарыс,

өтті.

2. Барлық, қатысты, оған, оқушылар.

3. Футболдан , жеңді, команданы, барлық,

сыныптастарымыз, біздің

ХІІ.Бағалау. 2 мин

 

Просмотров: 716


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст