Қазіргі мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқаруының мәні – кейбір балаларды басқаларға бақылауда ұстау емес, барлық балаларға қоғамдағы демократиялық қатынастардың негіздерін үйрету, өзін, ұжымда өз өмірін басқаруға үйрету.
Өзін-өзі басқаруға қатысу оқушылардың демократиялық дағдыларын, өз бетінше әрекет ету, шеңберден тыс ойлау, шешім қабылдау және оны жүзеге асыру қабілетін дамытуға көмектеседі.
2023 жылдың 21 қазанында мектебімізде мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының президентік сайлауы өтті. Сайлауға 1-9 сынып оқушыларының арасынан 33 сайлаушы қатысты. Сайлау өте белсенді және қызықты өтті. Сайлау комиссиясы сайлау тәртібінде заңбұзушылықтар болған жоқ, 7, 8, 9 сынып оқушыларынан құралған сайлау комиссиясы бюллетеньдерді санады. Нәтижемен: Грошевик Альбинада– 13 дауыс,Темербаева Мирада– 20 дауыс. Дауыс беру нәтижесі бойынша 9-сынып оқушысы Темербаева Мира көпшілік дауыспен мектептің оқушылар үкіметінің президенті болып сайланды.Құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!